Прайс-парақ шайқау
Вход в СЭЗ

+7 (727) 244 65 88 - Прием заявок в г. Алматы

+7 (727) 389 05 71 - Телефон для справок

info@medservice.kz
Уақыт тезінен
өткен сенімді серіктес!

Argentocare тамаққа арналған спрей, экстра жалбыз

 

Медициналық бұйымды медицинада қолдану
жөніндегі нұсқаулық

Медициналық бұйымның атауы
Argentocare тамаққа арналған спрей, жалбыз
Argentocare тамаққа арналған спрей, экстра жалбыз

Медициналық бұйымның құрамы мен сипаттамасы
Оториноларингологияда қолдануға арналған дәрі: көлемі 25 мл құтыдағы тамаққа және ауыз қуысына арналған спрей көмейге бүріккіш қондырмасымен жиынтықта.
Argentocare тамаққа арналған спрей, жалбыз құрамына: тазартылған су, күміс наноколлоиды, глицерин, бұрышты жалбыз майы, калий, натрий, магний және кальций минералды тұздары, ксантан шайыры, сукралоза, натрий цитраты, лимон қышқылы, сорбитол, натрий бензоаты, макроголглицерин гидроксистеараты кіреді.
Argentocare тамаққа арналған спрей, экстра жалбыз құрамына: тазартылған су, күміс наноколлоидтары, глицерин, бұрышты жалбыз майы, калий, натрий, магний және кальций минералды тұздары, ксантан шайыры, натрий цитраты, лимон қышқылы, сорбитол, натрий бензоаты, макроголглицерина гидроксистеараты кіреді.
Argentocare тамаққа арналған спрей, жалбыз және Argentocare тамаққа арналған спрей, экстра жалбыз оның құрамына кіретін бірегей компоненттердің әсерінен келесі: бактерицидті, вирусқа қарсы, қабынуға қарсы, ылғалдандыратын, қорғайтын, қалпына келтіретін, тазалайтын, жұмсартатын және сіңетін қасиеттерге ие.
Argentocare тамаққа арналған спрей, жалбыз және Argentocare тамаққа арналған спрей, экстра жалбыз құрамындағы күмістің наноколлоидты бөлшектері беткей ауданының өте үлкен үлесіне ие, ол күмістің бактериямен немесе вирустармен байланыс аумағын арттырады, күмістің бактерицидтік әсерін айтарлықтай жақсартады.
Argentocare тамаққа арналған спрей, жалбыз және Argentocare тамаққа арналған спрей, экстра жалбыз күмістің наноколлоидты бөлшектері микроорганизмдер дамуына кедергі келтіреді, өйткені микроорганизмдер аэробты метаболизмде қолданатын ферменттер белсенділігін жояды. Күміс нанобөлшектерінің ерітінділерімен байланыста бола отырып, микроорганизмдердің цитоплазмалық жарғақшасы электр сигналдарын таңдап өткізу қабілетін жоғалтады, бұл олардың тіршілік ету үдерістерін (тамақтану, зат алмасу өнімдерінің бөлінуі) бұзады. Ғылыми зерттеулерде күміс әсеріне төзімді бактериялар штаммдарының дамуы анықталмаған.
Препараттың құрамына кіретін калий, натрий, магний және кальций минералды тұздары жыпылықтайтын эпителий функциясын жақсартады, тазартқыш, ылғалдағыш, стимулияциялайтын, тамақтың шырышты қабығын және ауыз қуысын қалпына келтіруге, әсер етеді.
Argentocare тамаққа арналған спрей, жалбыз және Argentocare тамаққа арналған спрей, экстра жалбыз құрамындағы глицерин, тамақтың және ауыз қуысының шырышты қабығын ылғалдандырады, тазартқыш және жұмсартқыш әсері бар.
Argentocare тамаққа арналған спрей, жалбыз және Argentocare тамаққа арналған спрей, экстра жалбыз құрамындағы бұрышты жалбыз майы қабыну, ауырсыну, күйдіру симптомдарын жояды, тынысты сергітеді. Бұрышты жалбыз эфир майлары ОЖЖ-не рефлекторлы әсер ете отырып, көңіл-күйдің жақсаруына ықпал етеді және ақыл-ой қызметін стимулияциялайды.

Осыған сәйкес медициналық мақсаттағы бұйым өндірілген нормативтік құжаттың атауы (белгілемесі)
ТШ BY 690662654.001-2019

Қолданылу саласы
Argentocare тамаққа арналған жалбызды спрей және Argentocare тамаққа
арналған экстра жалбызды спрей ангинаны кешенді емдеу құрамында тамақ пен ауыз қуысының жедел және созылмалы қабыну ауруларын
(тонзиллит, фарингит, стоматиттерді) емдеу үшін қолданылады.
Argentocare тамаққа арналған жалбызды спрей және Argentocare тамаққа
арналған экстра жалбызды спрей медициналық мамандар, пациенттер
және өндіруші айқындаған тағайындау бойынша жеке тұлғалар қолдана алады.
Қолдану шарттары: жеке қолдану үшін және медициналық мекемелер жағдайында.

Қолдану тәсілі
Бірінші қолданар алдында оны препаратпен толтыру үшін дозаторға бірнеше рет басу керек. Дозаторды ауыз қуысына мүмкіндігінше тереңірек салып, басып тұрып, күніне 2-3 рет 3-4 дозаны тамаққа қарай шашырату керек. Ауыз қуысын Argentocare тамаққа арналған жалбызды спрей және
Argentocare тамаққа арналған экстра жалбызды спрей препаратымен
суландырғаннан кейін бір сағат ішінде сұйықтық пен тамақ ішуді шектеу керек.

Қолдануға болмайтын жағдайлар
Қандай да бір компонентке аса жоғары сезімталдықтың ықтимал реакциялары. Күміске аллергиясы бар пациенттерде қолдануға болмайды. 2 жасқа дейінгі балаларда қолдануға болмайды.


Айрықша нұсқаулар
Көңіл-күйінің нашарлауының қандай да бір симптомдары пайда болған кезде препаратты қолдануды тоқтату керек. Препарат автомобильді жүргізуге және механикалық құрылғылармен жұмыс істеуге теріс әсер етпейді. Шашыратқышты ластаған кезде оны шешіп, жуып, қайнаған сумен шайыңыз. Препаратты асқазанның ойық жарасы, қант диабеті, жүктілік, бала емізу кезінде қолдануға болады.

Жағымсыз әсерлері
Жағымсыз әсерлер анықталған жоқ.

Шығарылу түрі және қаптамасы
Пластик құты көмейге бүріккіш қондырмасы бар жиынтықта және медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен картон қаптамада.

Жарамдылық мерзімі
2 жыл.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Сақтау шарттары
25 0С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек.

Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецептісіз.

Өндіруші ұйым
«Ламира-Фармакар» ЖШҚ, Беларусь Республикасы, Ламира ЖШС лицензиясы бойынша, Ұлыбритания. 222215, Минск облысы, Смолевичск ауданы, Озерицко-Слободск а/к, 10Б Слобода агроқалашығы аймағы, 55 бөлме.
E-mail: info@lphc.by, Сайт: www.lphc.by

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан медициналық бұйымның сапасы жөніндегі шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:
«АЛДИМЕД» ЖШС, Қазақстан Республикасы, Алматы қ., 050051, Самал-1 ы. а., 1 үй Тел/факс: (727) 263-27-34, e-mail: aldimed@mail.ru

Қазақстан Республикасы аумағында өндірушінің уәкілетті өкілі / Қазақстан Республикасы аумағында медициналық бұйымның тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйым:
«АЛДИМЕД» ЖШС, Қазақстан Республикасы, Алматы қ., 050051, Самал-1 ы.а., 1 үй. Тел/факс: (727) 263-27-34, e-mail: aldimed@mail.ru

Медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықты шығару немесе соңғы қайта қарау туралы деректер:
22 қараша 2019 жыл

 

 

 

 

 

Кез келген филиалға хабарлама жіберіңіз