Прайс-парақ шайқау
Вход в СЭЗ

+7 (727) 244 65 88 - Прием заявок в г. Алматы

+7 (727) 389 05 71 - Телефон для справок

info@medservice.kz
Уақыт тезінен
өткен сенімді серіктес!

Басқарма

"Медсервис Плюс" компаниясынын басшылығы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жанат Омаров


"Медсервис Плюс" ҚФК ЖШС Басқарма Төрағасы


1987 жылы Жанат Қазақ мемлекеттік медицина институтын «Емдік іс» мамандығы бойынша үздік бітірді. 1987-1991 жылдар аралығында Қазақ онкология және радиология ҒЗИ кеуде хирургиясы бөлімінде ғылыми қызметкер болып жұмыс істеді. 1991-1993 жылдары Мәскеу қаласындағы Бүкілресейлік ғылыми онкологиялық орталықтың аспирантурасында оқыды. 1993 жылы «Өңеш ісігін емдеу» проблемасы бойынша кандидаттық диссертацияны қорғады. 1998 жылы Еуразиялық нарық институтын «Қаржы және несие» мамандығы бойынша бітірді. 1995 жылдан бастап «Астана-Медсервис» ЖШС директорының орынбасары болып жұмыс істеді. 1998 жылы «Медсервис Рихтер» БК басқарды. 2001 жылдан бері «Медсервис плюс» компаниясының Басқарма Төрағасы.
 

 

Арман Жұлқашев


"Медсервис Плюс" ҚФК ЖШС Атқарушы Директоры – Басқарма мүшесі


1988-1992 жылдары Арман Астрахань қаласындағы АБӨжШТИ-де, 1996 жылы биология мамандығы бойынша Әл-Фараби атындағы ҚазМУ-де білім алды. 2003 жылы Рысқұлов атындағы ҚазЭУ «Қаржы» мамандығы бойынша үздік бітірді. 1998-2000 жылдар аралығында Венгрияның «Гедеон Рихтер» зауыты өкілдігінің коммерциялық қызметкері болып жұмыс істеді. Арман «Астана-Медсервис» компаниясында еңбек жолын 1996 жылы менеджер болып бастады, біраз уақыттан соң кеден бөлімінің бастығы болды. 2000 жылдан бері "Медсервис Плюс" атқарушы директоры болып табылады, кадрлық және жалпы әкімшілік мәселелерді қамтитын бөлімдерге жетекшілік етеді: қоймалардың логистикасы және көліктік қамтамасыз ету, ДЗ тіркеу және лицензиялау, ақпараттық технологиялар бөлімі, құқықтық сүйемелдеу.

 

 

 

Саида Ерденбекова


"Медсервис Плюс" ҚФК ЖШС Бизнесті дамыту жөніндегі директоры – Басқарма мүшесі


1993 жылы Ерденбекова Саида С. Асфендияров атындағы Алматы мемлекеттік медицина институтын «Дәріші» біліктілігі берілетін «Фармация» мамандығы бойынша бітірді.
"Медсервис Плюс" компаниясында еңбек жолын 2000 жылы дәріхана қоймасында дәріші болып бастады, көп ұзамай қойма меңгерушісі болды. 2012 жылы "Медсервис Плюс" ҚФК» ЖШС Сапа жөніндегі уәкілетті тұлғасы, 2014 жылы Сапа департаментінің директоры болып тағайындалды. Қазіргі уақытта өндірістік алаңды іске қосу және дамыту жұмыстарына жетекшілік ететін Бизнесті дамыту департаментінің директоры.
Компанияда жұмыс істеу барысында компанияның дәріханалар мен дәріхана қоймаларын GPP, GDP стандарттарына сәйкестігіне сертификаттау бойынша нәтижелі жұмыс жүргізді. Жоба жетекшісі ретінде Алматы қаласындағы «А класы» дәріхана қоймасының құрылысын, жабдықталуын, автоматтандырылуын және іске қосылуын сәтті аяқтады.

Сонымен қатар Саида басқа да жобаларға қатысады: ЕЭК шеңберінде ДЗ айналымын реттеудің бірыңғай тәсілдерін қалыптастыру бойынша жұмыс тобының мүшесі; Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының жанындағы КО мен БЭК аумағында медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың бірыңғай қағидаттары мен ережелері туралы келісім жобасын әзірлеуге қатысушы болып табылады; КО елдерінің тауарларын таңбалау жобасына қатысады.
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Лира Қаймолдина


"Медсервис Плюс" ҚФК ЖШС Қаржы Директоры – Басқарма мүшесі


1997 жылы Лира Шығыс Қазақстан университетін «Мемлекеттік және муниципалды басқару» мамандығы бойынша, 2005 жылы Қазақ еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясын «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірді. Әртүрлі компанияларда табысты жұмыс істеді: 2000-2005 жылдар аралығында «Март» ЖШС компаниясында ішкі аудит бөлімінің бастығы, бас бухгалтре; 2005 жылдан 2006 жылға дейін «КазРуно» АҚ Басқарма төрағасының қаржы мәселелері жөніндегі орынбасары қызметін атқарды; 2006 жылдан 2007 жылға дейін «ST Group Wool Corporation» ЖШС қаржы директоры болып жұмыс істеді. Лира 2008 жылдан бері "Медсервис Плюс" компаниясында қаржы директоры ретінде жұмыс істейді, ол активтерді басқару, бюджетті жоспарлау және орындау, аудит, салықты жоспарлау, бухгалтерлік есеп пен басқару есептілігі мәселелерін үйлестіреді. Ол үнемі біліктілігін арттырып отырады, ХҚЕС (CAP) бойынша тәжірибешіл бухгалтер сертификаты бар. 2010 жылы Халықаралық Бизнес Академиясында «Корпоративтік басқару» мамандығы бойынша MBA дәрежесін алды. Сондай-ақ ACCA DipIFR дипломын және ҚР кәсіби бухгалтер сертификатын (IFRS) алды.

 

 

 Сергей Шевченко


"Медсервис Плюс" ҚФК ЖШС Коммерциялық Директоры – Басқарма мүшесі


1981 жылы Сергей Целиноград кооперативтік техникумын «Өнеркәсіп және азық-түлік тауарларының тауартанушысы» мамандығы бойынша бітірді. 1984 жылы Қарағанды Кооперативтік институтын «Тауартанушы» мамандығы бойынша бітірді. 1981-1984 жылдар аралығында Торғай облысы «Маяковский СРК» басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарды. 1984 жылдан 1989 жылға дейін «Целинтрансстрой» УРСА тұрмыстық пойызының директоры болып жұмыс істеді. 1989-1993 жылдар аралығында шағын мемлекеттік кәсіпорынның директоры болып кәсіпкерлік қызметпен айналысты. Одан кейін 1993-1996 жылдар аралығында «Целинтрансстрой» ҰРС АҚ басқарма төрағасының орынбасары болып тағайындалды. «Медсервис плюс» компаниясында еңбек жолын 1998 жылы Астана қаласындағы филиал директоры болып бастады. 2010 жылдан бері Басқарма мүшесі және «Медсервис плюс» филиалдық желісін басқарады.
 

 

 

 

 Светлана Волченко


"Медсервис Плюс" ҚФК ЖШС Коммерциялық Директорының Орынбасары – Басқарма мүшесі

 

2004 жылы Светлана әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Актуарлық математика» мамандығы бойынша бітірді. «МЕДСЕРВИС ПЛЮС» компаниясында 2005 жылдан бері жұмыс істейді, Светлана еңбек жолын мемлекеттік сатып алу бөлімінің менеджері болып бастады және 2007 жылы бөлімді басқарды. 2011-2015 жылдар аралығында сыртқы экономикалық қызмет бөлімін басқарды. Қазіргі уақытта Светлана Логистика департаментінің директоры болып табылады, компанияда логистиканы ұйымдастырумен айналысады.
 

 

 Сәуле Түрікпенова


"Медсервис Плюс" ҚФК ЖШС Персоналды басқару жөніндегі директоры – Басқарма мүшесі
 

1992 жылы Сәуле Қазақ мемлекеттік педагогикалық институтын үздік бітіріп, «Психология және педагогика оқытушысы» біліктілігін алды. 1994 жылдан 1997 жылға дейін әл Фараби атындағы ҚазМУ аспирантурасында «Әлеуметтану және психология» мамандығы бойынша оқыды. Кандидаттық диссертацияны қорғағаннан кейін Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінің «Әлеуметтану және құқық» кафедрасында сабақ берді.
1995 жылдан 2004 жылға дейін «Базис Риэлти» заң компаниясында атқарушы директор болып жұмыс істеді. 2000 жылы Орталық Азия университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірді.
2005 жылы «31 КАНАЛ» ҚазТелеРадиоКомпаниясының персоналды басқару бөлімін басқарды.
2006 жылдан 2009 жылға дейін «ТемірБанк» АҚ басқарушы директоры қызметін атқарды, персоналды басқару бөлімінің жұмысына жетекшілік етті.
2009 жылдан 2014 жылға дейін – Халықаралық бизнес университеті – UIB әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының доценті.
Қазіргі уақытта «Институт Перспектив Человека» ЖШС-де (Астана қ.) кеңесші болып табылады, әртүрлі салалар мен қызмет салаларындағы адам ресурстарын дамыту жобаларына қатысады.
2014 жылдан бастап "Медсервис Плюс" ҚФК компаниясында персоналды басқару бөлімін басқарады.

 


Ақмарал Саламат


"Медсервис Плюс" ҚФК ЖШС Басқарма Төрағасының Кеңесшісі

 

2010 жылы Ақмарал Лондонда King’s College London University «Business Management» мамандығы бойынша үздік бітірді. 2009 жылы "Медсервис Плюс" ҚФК Басқармасының құрамына кірді. Компанияның қаржылық қайта құрылымдау жобасына және халықаралық қаржы ұйымдарымен ынтымақтастыққа жетекшілік етеді.
 

 

 

 


 

 

Кез келген филиалға хабарлама жіберіңіз