Қазақстандағы фармацевтік өнімдердің №1 дистрибьюторы
Скачать прайс
Вход в СЭЗ

+7 (727) 244 65 88 - Прием заявок в г. Алматы

+7 (727) 389 05 71 - Телефон для справок

info@medservice.kz
Уақыт тезінен
өткен сенімді серіктес!

Қазақстанның үздік медициналық жұмыскерлері айқындалды – ҚР Денсаулық сақтау министрлігі

22.06.2014

Конкурстық комиссияның мүшелері конкурсқа қатысушылар ұсынған материалдарды, бейнероликтерді зерделеді, сондай-ақ жүргізілген сұхбат барысында конкурсқа қатысушыларға өздерінің кәсіби қызметіне, жұмысының келешек мүмкіндіктеріне, науқастарды диагностикалау мен емдеуде қазіргі заманғы озық әрі инновациялық технологияларды ендіруге қатысты сұрақтар қойылды.

Осының негізінде конкурстық комиссия «Үздік дәрігер» номинациясында конкурстың жеңімпазы ретінде Солтүстік Қазақстан облыстық кардиология орталығының хирургы Сергей Череданы тану туралы шешім қабылдады.

«Үздік медбике» номинациясында Қызылорда облысының «Жалағаш орталық аудандық ауруанасының» гинекология бөлімшесінің медбикесі жеңімпаз атанды.

«Үздік ауыл дәрігері» ретінде Атырау облысының «Қызылқоға орталық аудандық ауруханасының» жалпы емдеуші дәрігері Шынар Шарафеденова танылды.
 

Астана қаласы бойынша МСЭҚКД карантиндік және аса қатерлі жұқпаларды эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің бастығы Майра Жүсіпова «Үздік санитарлық дәрігер» атанды.
 

Сонымен қатар, «Жылдың үздік провизоры - 2011» номинацияындағы конкурс нәтижелері бойынша жүлделі орындар былайша үлестірілді:

1-ші орын - Алматы қаласының «MS HELP» ЖШС менеджері Светлана Еремина;
2-ші орын – Павлодар облысының «Мухамедшина» ЖК дәріханасының провизоры Галина Трофимова;
3-ші орын - «Атон-Диагностик» дәріханалық қоймасының провизоры Владимира Буняев.

Мәжіліс барысында республикалық комиссия сондай-ақ арнайы жүлделерді де бекітті: «Кәсіпқойлық батылдығы үшін» – Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің Қазақ республикалық лепрозорийі дәріханасының меңгерушісі және «Жасампаз жан» - «Мүсірәлиева» ЖК дәріханасының меңгерушісі Майгүл Мүсірәлиева.

Конкурстың қорытындысы бойынша, бүгін Медицина қызметкері күнінің құрметіне Бейбітшілік пен келісім сарайында сағат 16.00-де өтетін салтанатты жиналыста жеңімпаздарға дипломдар мен бағалы сыйлықтар тапсырылады.

Кез келген филиалға хабарлама жіберіңіз