Қазақстандағы фармацевтік өнімдердің №1 дистрибьюторы
Скачать прайс
Вход в СЭЗ

+7 (727) 244 65 88 - Прием заявок в г. Алматы

+7 (727) 389 05 71 - Телефон для справок

info@medservice.kz
Уақыт тезінен
өткен сенімді серіктес!

2011 жылғы 2 наурызда Palladium қонақүйінде Екінші жыл сайынғы «Фармацевтік шоқжұлдыз» конкурсының марапаттау салтанаты болып өтті.

02.03.2011

Биылғы Конкурстың демеушісі таблеткаларды, бір дүркін пайдаланылатын шығыс материалдары мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сату мен өндіру жөніндегі отандық орталық – Долче Фарм компаниясы болды.

Конкурстың мақсаты биыл екінші жыл қатарынан түрлі номинацияларда нарықтың көшбасшыларын айқындау және дәрігерлерге, провизорларға, тұтынушыларға ақпарат беру болып табылады. Конкурс Қазақстанның фармация салалары үшін теңдесі жоқ оқиға болып отыр: бұл – сала сарапшыларының әділ қорытындылары, бұл – жеңімпаздарды айқындаудың ашық жүйесі, бұл – кең аудиторияның пікірін ескеру. Конкурстың жеңімпаздары Конкурсқа қатысуға өтінім берген компаниялардың арасында порталда ашық дауыс беру, сарапшыларды таңдау, емдеу-алдын алу мекемелері мен дәріханалардың пікірлерін сұрау жолымен айқындалады. Конкурсқа талдау жағынан қолдау көрсетуді ҚР Фармация нарығындағы сарапшы компания – Vi-ORTIS қамтамасыз етті.

Кузнецова Лариса Андреевна, Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасының дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бөлімінің бастығы: «Салалық конкурс – Қазақстанға сөзсіз керек оқиға, себебі дәл осындай іс-шаралар нарықты қалыптастырады, бәсекелестер арасындағы күресті әлдеқайда қызықты етеді. Мүсінді немесе дипломды иелену – бұл компаниялар үшін белгілі бір маркетингілік тәсіл ғана емес, сонымен қатар сарапшылар, дәрігерлер, провизорлар мен фармацевтер арқылы нарық тарапынан шын мәнінде танылу».

Конкурс 2010 жылғы фармация нарығының қорытындысын шығарды және төмендегі номинациялар бойынша өтті:

  • 2010 жылдың препараты. Ғылым тарапынан танылу.
  • 2010 жылдың рецептуралық препараты. Нарық тарапынан танылу.
  • 2010 жылдың рецептурасыз препараты. Нарық тарапынан танылу.
  •  2010 жылдың ең үздік бөлшек сауда желісі.
  •  2010 жылдың компаниясы. Фармацевтік өнімдер шығаратын ең үздік шетелдік компания.
  • 2010 жылдың компаниясы. Дәрі-дәрмек шығаратын ең үздік қазақстандық зауыт. 
  • Жыл компаниясы. 2010 жылдың ең үздік көтерме сауда операторы.
  • 2010 жылдың сала көшбасшысы.
  • 2010 жылдың ең үздік кәсіби бірлестігі.
  • 2010 жылдың ең үздік медициналық жабдық жеткізушісі.
  • 2010 жылдың жарып шығуы.
  •  2010 жылдың жұмыс берушісі.
  • 2010 жылдың мамандандырылған БАҚ.
     

Кейбір нәтижелерді болжап білу әбден мүмкін болатын, мысалы, «Дәрі-дәрмек шығаратын ең үздік қазақстандық зауыт» номинациясындағы бірінші орынды шығарылатын номенклатуралар бойынша да, олардың айналымы бойынша да отандық өндірушілер қатарындағы сөзсіз көшбасшы – «Химфарм» компаниясы жеңіп алды. Аса ірі дистрибьютор «МедСервис» компаниясының «2010 жылдың ең үздік көтерме сауда операторы» номинациясындағы жеңісі де ешкім үшін күтпеген жайт болған жоқ.

Басқа компаниялар шынында да биыл нарықты таңғалдырды – «2010 жылдың жарып шығуы» номинациясында хрусталь жұлдызды лайығымен жеңіп алған Гетц Фарма Лимитед компаниясы өткен жылы сатылымдардың өте тез өсуін паш етті.

Кімнің жеңетіні ең соңына дейін айқын болмаған номинациялар да болды, себебі барлық номинанттар соншалықты жақсы әрі лайықты болды. «2010 жылдың рецептуралық және рецептурасыз препараты. Нарық тарапынан танылу» номинацияларындағы күрес әсіресе қатал болды.

Дәрігерлер тарапынан танылу үшін Амод, Апидра, Клексан, Бисоштад Плюс, Конкор, Лантус, Солиан, Таксотер, Цеф3, Плавикс, Кетонал, Диован сияқты препараттар күресті. Олардың бәрі тек дәрігердің рецепті бойынша босатылады, әрқайсысын дәрігерлер жақсы біледі, әрқайсысының өз тұтынушылары бар.

Калелова Римма Арысбекқызы, Дәрілік құралдарды сараптаудың ұлттық орталығының маманы, ҚР Мемлекеттік Фармакопеясының редакция алқасының мүшесі: «Сарапшылар ретінде бізге осынша бір біріне ұқсамайтын және осынша лайықты препараттарды бағалау оңай болған жоқ. Біз жанама әсерлер, фармакодинамика, фармакокинетика, джинериктердің болуы және ғалымдардың, дәрігерлердің аталған препарат туралы жалпы пікірі сияқты барлық факторларды ескеруге тырыстық».

Рецептуралық препараттардың арасындағы номинанттар да кем түскен жоқ: Гексикон, Камистад, Кардиомагнил, Пенталгин-П, Трависил, Хондроксид, Эссенциале Н форте, Декатилен, Нафазолин ДФ, Терафлю, Линекс, Ламизил

Соңында, он-лайн дауыс берудің, сарапшылардың дауыс беруінің нәтижелері бойынша рецептуралық препараттардың арасында бірінші орынды «Кетонал» (өндіруші - «Новартис») жеңіп алды. Ал рецептурасыз препараттардың арасында - «Декатилен», өндіруші – «Мефа».

Өндірушілер мен өкілдіктермен қатар сахнаға екі ірі дәріханалық желінің – Ромат пен Зерде Фарма компанияларының (тиісінше ең үздік республикалық және аймақтық дәріханалық желілер) өкілдері, Драгер Медикал компаниясының (медициналық жабдықтың ірі жеткізушісі) басшысы шықты.

Гунько Наталья Александровна, ҚР фармацевтік өнімдер дистрибьюторлары қауымдастығының атқарушы директоры: «Мұндай марапаттар нарықтағы озаттарды атап өтеді де, тұтас бір жылдық жұмыстың лайықты нәтижесі болып табылады».


Әсіресе «2010 жылдың үздік жұмыс берушісі» номинацисын ерекше айта кеткен жөн, өйткені Қазақстанда фармацевтік компаниялар аса көп емес, сондықтан компаниялардың арасында сапалы менеджмент жағынан өзінше бір бәсекелестік болып шығады. Аталған номинациядағы жеңімпаздарды айқындау үшін Қазақстанның үздік рекрутингілік агенттіктерінің арасында дауыс беру, сауалдама жүргізілді. Бәрі де ескерілді: әлеуметтік пакеттің болуы, еңбекақы мен бонустардың мөлшері, шетелде оқу және мансап сатысымен өрлеу мүмкіндігі. Өте лайықты бақталастарының арасында «Бионорика» компаниясы жеіп шықты.


Сыбанқұлова Зурият Нұрәлімқызы, Қазақстан Республикасында фармацевтік қызметті қолдау мен дамыту қауымдастығының президенті: «Осы Конкурс небары екінші рет өткізіліп отыр, алайда бүкіл сала дерлік оған қатыстырылды, бұл біздің нарыққа ортақ оқиғалар мен іс-шаралардың қаншалықты керек екенін, ортақ мақсаттар мен міндеттер болудың қаншалықты маңызды екенін көрсетеді. Қазір компаниялар, өндірушілер, дистрибьюторлар, дәріханалар, дәрігерлер және емдеу-алдын алу мекемелері арасында ортақ пікір бар, бұл – нағыз жетістік. Мен біздің болашағымызға және осы сияқты оқиғалардың арқасында фармацевтік қоғамдастықтың жаңа биік мақсаттар қойып, оларға жететініне сенемін!"


http://www.03portal.kz/index.php?option=com_content&task=view&id=29707&Itemid=95

 

Кез келген филиалға хабарлама жіберіңіз