Қазақстандағы фармацевтік өнімдердің №1 дистрибьюторы
Скачать прайс
Вход в СЭЗ

+7 (727) 244 65 88 - Прием заявок в г. Алматы

+7 (727) 389 05 71 - Телефон для справок

info@medservice.kz
Уақыт тезінен
өткен сенімді серіктес!

Мұраты мен Стратегиясы

"Медсервис Плюс" компаниялар тобы.
Уақыт тезінен өткен сенімді серіктес!

Мұраты

Біздің мақсатымыз – адамдардың өмір сапасы мен денсаулығын жақсарту, емдеу мекемелері мен елдің халқын дәрілік препараттармен қамтамасыз ету саласында кәсіби қызметтер көрсету.
Біз қызметкерлеріміз бен серіктестеріміз үшін жаңа мүмкіндіктер жасай отырып, бизнес жүргізудің биік стандарттарын, инновациялық технологияларды ендіреміз.
 

Артықшылықтар

Кең тараған филиалдар желісі, ыңғайлы орналасқан қойма жайлары, сондай-ақ жақсы ойластырылған логистикалық тізбектер бізге қажетті препараттарды елдің кез келген бұрышына жеткізуге мүмкіндік береді.

Дәрілік препараттарды өндірушілермен тікелей байланыс тұтынушыға түсетін баға ауыртпалығын барынша азайтады.

Қызметтер көрсету жылдамдығы, кең ауқымды сұрыпталым, сенімділік, клиентпен қарым-қатынас жасаудағы икемді саясат – компанияның клиенттердің сенімін ақтауға мүмкіндік берген басты артықшылықтар.
 

Корпоративтік құндылықтар

Медсервис Плюс" – жоғары сыныпты кәсіпқойлардың, дарынды және өз ісіне шын берілген адамдардың ұжымы.

Өзіміздің жұмысымыздың негізіне біз барлық бөлімшелеріміздң біртұтас команда болып ұжымдасуын аламыз, онда құзырлық, жауапкершілік, пәрменділік, өзгерістерге және үнемі дамуға дайын болу жоғары бағаланады.

Біз барлық шарттық міндеттемелерімізді қатаң орындау және бизнесті адал ниетпен жүргізу қағидаларын басшылыққа аламыз.
 

Кез келген филиалға хабарлама жіберіңіз