"Медсервис Плюс" компаниялар тобы Қазақстан Республикасының фармацевтік нарығында өзнің қызметін 1995 жылы бастады.
1996 жыл
"Медимпэкс" АҚ-мен (Венгрия) алғашқы консигнацилық келісімшартқа қол қойылды.
1998 жыл
Шымкент қаласында компанияның тұңғыш аймақтық филиалы ашылды. Ол "Медсервис Плюс" аймақтық желісін дамыту бағдарламасының "алғашқы қарлығашы" болды. Бүгін фирманың филиалдары Республиканың 17 аймақтық орталығында жұмыс істейді.
Жалпы ауданы 1500 шаршы км 5 деңгейлі жаңа кеңселер мен қоймалар кешеніне көшу аяқталды.
2001 жыл
2000 жылдың қорытындысы бойынша, "Ремедиум" ақпараттық-баспа агенттігі өткізетін жыл сайынғы рейтингтің негізінде біздің компания Ресей Федерациясынан шығарылатын дәрілік препараттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды импортқа әкелуші фирмалардың өнімдердің көлемі бойынша алғашқы үштігінің қатарына кірді.
2002 жыл
Астана қаласында ҚР Денсаулық сақтау министрлігі ұйымдастырған "Жылдың ең үздік провизоры" 1-ші республикалық конкурсы өтті. Осы конкурстың жеңімпазы ретінде "Медсервис-Рихтер" БК компаниясының провизоры танылды.
Компания Қазақстан Республикасының дәрігерлері мен провизорларының II съезінің (Астана қаласы) бас демеушісі болып, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі оны "Қазақстан Республикасы халқының денсаулығын сақтау ісіне қосқан жеке үлесі үшін" Алғыспен атап өтті.
2003 жыл
Жыл қорытындысы бойынша "Медсервис Плюс" компаниясы отандық фармацевтік нарықтағы дистрибьюторлардың арасында сатылымдар көлемі жағынан (ақшамен өлшегенде) абсолютті көшбасшы болып табылады.
2008 жыл
"Медсервис Плюс" КФК ЖШС, "MS Group" ЖШС, "MS Stock" ЖШС, "MS Help" дәріханалар желісін "MOODY INTERNATIONAL" компаниясы (Ұлыбритания) ISO 9001:2008 сапа стандарты бойынша сертификаттады.
2010 жыл
"Медсервис Плюс" компаниясын "VI-ORTIS" Кеңестемелік қызметтер көрсету агенттігі "Жылдың ең үздік дистрибьюторы" ретінде таныды – 1-ші орын.
"Медсервис Плюс" ауданы 12 мың шаршы метр, GDP стандарттарына сай жаңа қойма терминалының тұсаукесерін өткізді.