Қазақстандағы фармацевтік өнімдердің №1 дистрибьюторы
Скачать прайс
Вход в СЭЗ

+7 (727) 244 65 88 - Прием заявок в г. Алматы

+7 (727) 389 05 71 - Телефон для справок

info@medservice.kz
Уақыт тезінен
өткен сенімді серіктес!

"MS Stock" көлік компаниясы

"MS Stock" ЖШС көлік компаниясы – "Медсервис Плюс" компаниялар тобының еншілес кәсіпорны сіздерге автомобильдермен жүк тасымалдау қызметтерін көрсетуге қуанышты.

"MS Stock" ЖШС бүкіл Қазақстан бойынша, сондай-ақ алыс және жақын шет елдерден температуралық режимді ұзақ уақыт бойы сақтай алатын жартылай тіркеме - рефрижераторларда халықаралық "Евро" стандарттарына сәйкес келетін автокөлікпен жүк тасымалдауды жүзеге асырады.

 

Компанияның екінші бағыты кеден ісі саласындағы брокерлік қызмет болып табылады. "MS Stock" ЖШС кедендік өкілдер тізіліміне кіреді, бұл жүктерді кедендік тазартуды, экспорттық, импорттық, транзиттік жүктерді ресімдеуді, ТИР карнеттерді ресімдеуді т.с.с. іске асыруға мүмкіндік береді. Үшінші бағыт кедендік қойманы басқару болып табылады.

Компанияның тарихы

"MS Stock" ЖШС 2003 жылғы 26 наурызда құрылды. Құрылу мақсаты – көлік-тасымалдау-логистика мәселелерін шешу:

  • "Медсервис Плюс" компаниясының мұқтаждарын қанағаттандыру.
  • Кедендік қойманың операторы

2007 жылғы тамызда "MS Stock" ЖШС кедендік брокер лицензиясын алды. Компанияның құрамына кіретін кедендік бөлім "Медсервис Плюс" КФК ЖШС-ның атына келетін жүктерді ел ішінде декларациялауды, сондай-ақ басқа компаниялардың жүктерін брокерлік ресімдеуді жүзеге асырады.

2010 жылғы 21 маусымда "MS Stock" ЖШС кедендік қоймаға лицензия алды, сол күннен бастап "MS Stock" ЖШС ауданы 1494 шаршы/м. және 112,3 шаршы м. құрайтын, термолабильді препараттарға арналған температуралық режимді ұстай алатын кедендік қоймалардың операторы болып табылады.

2011 жылғы қаңтарда "MS Stock" фармацевтік қызмет жүргізуге арналған лицензия алды.
 

Қазір қызметкерлердің жалпы саны 49 адам.

Ұсынылатын қызметтер ауқымы – жақын, алыс шет елдерде жүк тасымалдау, жүктерді Қазақстанда толық кедендік тазартуға дейін жеткізе отырып халықаралық дәрежеде тасымалдау және бүкіл Қазақстан аумағындағы түпкі тұтынушыға жеткізу, импорттық, экспорттық, транзиттік жүктерді кедендік ресімдеу, жүктерді кедендік қоймаларда орналастыру, кедендік заңнама мәселелері бойынша кәсіби кеңестеме беру.  

Компанияның артықшылықтары – көлік құралдарының саны: 15 бірлік, соның ішінде жартылай тіркеме – рефрижераторлары бар "Вольво", "Камаздар", "Газельдер". Бүкіл көлік құралдары дәрі-дәрмектерді тасымалдау үшін жарақталған және тиісті рұқсаттары бар. Термолабильді препараттарды, сондай-ақ тасымалдау кезеңдерінде "Суық тізбектің" қатаң сақталуын керек ететін препараттарды тасымалдау мүмкіндігі бар.

Біздің компания Қаз АТҰ ұйымының қауымдастырылған мүшесі болып табылады, ал бұл автомобильдермен халықаралық жүк тасымалын дербес жүзеге асыру құқығын береді. Кедендік өкілдер тізіліміне енгізілуі кедендік брокер көрсететін барлық қызметтер ауқымын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Кедендік қоймалар тізіліміне енгізілуі, сондай-ақ фармацевтикалық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензияның болуы кедендік қоймада медициналық техниканы, дәрілік құралдарды, сондай-ақ медициналық мақсаттағы бұйымдарды орналастыруға мүмкіндік береді.

Дамудың басым бағыты – тасымалдау қызметтерін, кедендік ресімдеу және жүктерді кедендік қоймада қалау қызметтерін тұтынушыға, сыртқы экономикалық қызметпен айналысушыларға және басқа коммерциялық құрылымдарға бағдарланған.

Компанияның жоспарлары – жүк тасымалдауды арттыру, кедендік брокерлік қызметтердің клиенттерін, сондай-ақ кедендік қойма қызметтерін көрсетуді көбейту.

"MS Stock" директоры Негаметзянов Рустем Гарифзянович.

Кез келген филиалға хабарлама жіберіңіз