Қазақстандағы фармацевтік өнімдердің №1 дистрибьюторы
Скачать прайс
Вход в СЭЗ

+7 (727) 244 65 88 - Прием заявок в г. Алматы

+7 (727) 389 05 71 - Телефон для справок

info@medservice.kz
Уақыт тезінен
өткен сенімді серіктес!

Сеть аптек "MS Help"

"MS Help" ДЕНІҢ САУ БОЛСЫН! ДӘРІХАНАЛАР ЖҮЙЕСІ "MS HELP" ЖҮЙЕСІМЕН БҰЛ ОП-ОҢАЙ!

ТАНЫСТЫРУ:

  • Ыңғайлы дәріханалар жүйесі
  • Ашық сауда пішімі
  • Сұлулық пен денсаулыққа арналған заңды тауарлардың кең ауқымды сұрыпталымы
  • Мамандардың білікті кеңестемесі
  • Қолайлы бағалар

"MS Help" еншілес компаниясы 1996 жылы Алматы қаласында үш дәріхананың ашылуымен ұйымдастырылды. Артып келе жатқан сұраныс және сұлулық пен денсаулыққа арналған дәрі-дәрмектер мен өнімдердің кең ауқымды сұрыпталымына деген сұраныстың өсуі 2002 жылы Қазақстанда ашық пішімді тұңғыш дәріхананың ашылуына әкелді. Дәріханалардың сауда залының жалпы ауданы 35 шаршы метрден 160 шаршы метрге дейін құрайды. Онда дәрілік құралдар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардан, балаларға арналған және диабеттік тағамдардан, тазалық, парафармацевтика және емдік косметикадан бастап, денсаулық пен сұлулыққа арнлған барлық тауарлар келтірілген.

5 000-нан астам атаудан тұратын кең ауқымды сұрыпталым, өнімдердің ашық қойылуы және оларға еркін қол жеткізу мүмкіндігі, ойластырылған ыңғайлы орналасуы, кезектің болмауы және жақсы сервис – "MS Help" дәріханаларының басты артықшылықтары. Жұмыстың қарқындылығы үшін дәріханаларда тауар қозғалысының сандық есебін жүргізудің бағдарламалық жасақтамасы орнатылған, мұнда сатылымдар тауардың штрих-кодын оқу жолымен жүзеге асырылады. Есеп жүргізуді автоматтандыру компанияның тауар сұрыпталымын кеңейту бойынша мүмкіндіктерін арттырды, провизорлар мен сатып алушылар үшін сатып алу-сату ісін әлдеқайда жайлы әрі сапалы етті.
 

MS Help директоры Өтегенова Ғалия Сайынқызы

2007 жылы дәріхана жүйесін кеңейтіп, "MS Help" брендін ілгерілету мақсатында 10 дәріхана ашылды. Кейіннен Астана қаласында компанияның 5 жаңа дәріханасы мен вакцина егетін клиникасы бар филиалы құрылды.

Біздің дәріханалардың ішкі және сыртқы безендірімінің бірыңғай мәнері әзірленіп, дәріханалар жүйесін бастапқы таныстыру жүзеге асырылды.

Біздің жүйенің баға саясаты дәріханалардың барлық негізгі клиенттеріне бағдарланған, бұлар негізінен зейнеткерлер және ауру бойынша мүгедектер; жұмыс істейтін әйелдер, үй шаруашылығындағы әйелдер және балалы отбасылар.

2007 жылы "MS Help" вакцина егетін дәріханалар жүйесі ISO 9001:2000 куәлігін алды, бұл біз көрсететін қызметтердің жоғары сапасын ресми түрде тану болып табылады.

БІЗДІҢ БАСТЫ МІНДЕТ – КЛИЕНТТЕРІМІЗДІҢ ҚАМЫН ОЙЛАУ!

 

Кез келген филиалға хабарлама жіберіңіз