Қазақстандағы фармацевтік өнімдердің №1 дистрибьюторы
Скачать прайс
Вход в СЭЗ

+7 (727) 244 65 88 - Прием заявок в г. Алматы

+7 (727) 389 05 71 - Телефон для справок

info@medservice.kz
Уақыт тезінен
өткен сенімді серіктес!

Біз туралы

Компанияның қызметінің негізгі түрі дәрі-дәрмектер мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды тарату болып табылады. Қазіргі кезде компания 200-ден астам өндірушінің өнімдерімен жұмыс істейді және тұрақты сұрыпталымында түрлі тауарлардың 4000-нан астамы бола отырып, медициналық фармацевтік өнімдердің кең ауқымын ұсына алады. Алматы мен филиалдарды қосқанда компанияның қызметкерлерін 900-ден астам адам құрайды.

Бізді компанияның ұжымын кәсіпқойлық, жұмысын сүйіп атқару, ұжымдық рух біріктіреді. Компания өз қызметкерлерінің біліктілігін жоғарылату үшін жыл сайын әр түрлі іс-шаралар өткізеді. Ұжымның ауызбірлігін жақсартатын мерекелік және корпоративтік іс-шаралар дәстүрге айналды. Біздің компанияның топ-менеджерлері биік кәсіби деңгей және жұмысқа деген құлшыныс – "Медсервис Плюс" табысының кепілі екенін түсіне отырып, әр қызметкерге айрықша көңіл бөледі.

Компанияның Қазақстан Республикасы бойынша кең тараған дистрибьюторлық желісі бар. Бүгін компанияның филиалдары еліміздің 17 ірі қаласында жұмыс істейді, олар: Алматы, Астана, Қарағанды, Ақтау, Ақтөбе, Атырау, Өскемен, Павлодар, Шымкент, Тараз, Талдықорған, Қызылорда, Семей, Орал, Көкшетау, Қостанай, Петропавл. Олар өз қызметімен Республиканың барлық дерлік аймақтарын қамтиды.

Қазіргі кезде компанияның қызметіндегі басым бағыт дистрибьюторлық компаниялармен арадағы серіктестікті дамыту болып табылады. Тұрақты клиенттердің қатарында 2000-нан астам ұйым: Қазақстанның бүкіл аумағында орналасқан дәріханалар, дәріхана желілері және емдеу-профилактикалық мекемелер бар.

Қазіргі кезде "Медсервис Плюс" Компаниялар тобына бірнеше компания кіреді::

  • "Медсервис Плюс" КФК ЖШС
  • "MS Group" ЖШС
  • "MS Stock" ЖШС
  • сондай-ақ өзінде "MS Help" брендін қамтиды

2006 жылы компания ISO 9000:2000 стандартын ендіреді. "Медсервис плюс" жетекші фармацевтік компаниялармен және медициналық мақсаттағы жоғары сапалы бұйымдардың өндірушілерімен табысты ынтымақтастық орнатқан. Компания бизнес жүргізудің биік стандарттарын орнату жолымен фармацевтік саланың дамуына белсенді түрде атсалысады және инновациялық шешімдер мен технологиялардың ендірілуіне ықпалдасады.

Кез келген филиалға хабарлама жіберіңіз