Қазақстандағы фармацевтік өнімдердің №1 дистрибьюторы
Скачать прайс
Вход в СЭЗ

+7 (727) 244 65 88 - Прием заявок в г. Алматы

+7 (727) 389 05 71 - Телефон для справок

info@medservice.kz
Уақыт тезінен
өткен сенімді серіктес!

"Саяхатшылар клубы" акциясының шарттары (Филиалдар)

"Саяхатшылар клубы" акциясының шарттары (Филиалдар)

ҰЗАҚ МЕРЗІМДІ ЖИНАҚТАУШЫ "САЯХАТШЫЛАР КЛУБЫ" АКЦИЯСЫ!

 

"КФК "Медсервис Плюс" ЖШС-нің клиенттері болып табылатын Алматы қалалық дәріханалар мен дәріхана жүйелеріне арналған "Саяхатшылар клубы" акциясы.

АСТАНАДА, ПАВЛОДАРДА ЖӘНЕ ӨСКЕМЕНДЕ АЛҒАШ РЕТ!

Қадірлі достар, әріптестер! Дәл қазірден бастап жинаңыздар!
1500 пай жинаңыз да, күншуақты Түркияның ертегідей жағажайларында мың рахатқа бөленіңіз!
1000 ұпай жинаңыз да, қайталанбас Ыстықкөлдің шипажайларында бойыңызға жаңа күш-қуат дарытыңыз!
100 - 1500 ұпай жинаған кезде каталогтан бағалы жүлделер аласыздар!
1 ұпай алу үшін 21 000 теңгеге дәрі-дәрмек сатып алу керек.

Акцияның уақыты: 2008 жылғы 15 ақпаннан 15 желтоқсанға дейін.

Барынша көп ұпай жинаңыздар – саяхаттар, керемет әсерлер мен сый-тартулар Сіздерді күтуде!

Назар аударыңыз! 6-7% шегерімдері бар клиенттер үшін "Саяхатшылар клубы" акциясына қатысудың арнайы шарттары әзірленген.

"Саяхатшылар клубының" VIP-мүшелеріне айналыңыздар!

Қатысушыларға арналған ережелер

 

  1. Акцияға қатысушының жиналған ұпайларының санына сәйкес келетін туристік жолдама немесе жүлделер алуға құқығы бар.
  2. Алматы қаласында 2000 ұпай жинаған қатысушылар үлкен топтың құрамында Таиландқа сапар шегеді де, "Саяхатшылар клубының" мүшелігіне өтеді.
  3. Алматы қаласында 1500 ұпай жинаған қатысушылар "Саяхатшылар клубының" мүшелеріне айналады да, үлкен топтың құрамында Түркияға сапар шегеді.
  4. Филиалдарда 1000 ұпай жинаған қатысушылар "Саяхатшылар клубының" мүшелеріне айналады да, үлкен топтың құрамында Ыстықкөлге сапар шегеді.
  5. Акцияда барынша үлкен шегерімдер алатын Алматы қаласындағы клиенттер үшін арнайы шарттар бар.
  6. Акцияда 6-7% шегерімдер алатын филиалдардың клиенттері үшін арнайы шарттар бар.Жолдамалар мен жүлделер ақшалай баламада берілмейді.
  7. Туристік жолдамаларды немесе каталогтағы жүлделерді иеленетін әрбір жеңімпаз ұйымдастырушылар тағайындаған мерзімдерде нені таңдауын айқындауды міндетіне алады.
  8. "Саяхатшылар клубының" мүшелеріне айналған акцияның қатысушылары туристік жолдаманы ресімдеу сәтінде туристік агенттікпен шарт жасасады.
  9. Ұйымдастырушылар туристік сапарға баратын елді, мерзімдерін, қонақүйлер мен экскурсияларды жеңімпаздың жинаған ұпайларының санына сәйкес таңдау құқығын өзінде қалдырады.
  10. Ең үлкен шегерімге құқық беретін ұпайлар санын жинаған клиенттер осы шегерімнен бас тартқан жағдайда акцияға қатысуға қалдырылады. Егер жеңімпаз ең үлкен шегерімді алса, ол акцияға басқа шарттарда қатысады, ал барлық жиналған ұпайлар сақталады.
  11. 1 500 ұпайдан тұратын жүлделік қоры бар жеңімпаздардың жүлделерді "Саяхатшылар клубының" каталогының жүлделер тарауынан жиналған ұпайлардың сомасына сәйкес таңдауға құқығы бар.
  12. Ұйымдастырушылар жүлделердің үлгісі мен сауда белгісін жеңімпаздың жинаған ұпайлар санына сәйкес таңдау құқығын өзінде қалдырады. Жүлделер тапсырылатын сәтте көрсетілген тауардың дүкендер желісінде болмауына байланысты жүлделер каталогтағы фотосуреттерге сәйкес келмеуі мүмкін.
  13. Қорытынды шығару және жеңімпаздарды марапаттау акцияның соңында жылына 1 рет өткізіледі. Әр жеңімпаз ұйымдастырушының журналында тіркеледі.

Тел.: +7 (727) 279-07-54,
+7 (727) 279-10-10,
Тел/факс: +7(727) 259-88-76

«МЕДСЕРВИС ПЛЮСПЕН» БІРГЕ САЯХАТТАҢЫЗДАР!

 

Кез келген филиалға хабарлама жіберіңіз